Қазақстан үкіметі 2012-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет жобасында діни экстримизммен күреске ішкі істер министрлігіне 12,9 миллиард теңге бөлуді ұсынып отыр деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. ($1=147,2 теңге)
Үкіметтен парламент мәжілісіне келіп түскен құжатқа сәйкес, ішкі істер министрлігіне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі үшін жалпы көлемі 24, 8 миллиард теңге бөлу қарастырылса, соның 12,9 миллиард теңгесі діни экстремизммен күреске арналған.
Бұдан бөлек, президенттің күзет қызметіне бөлінетін қаржыдан да діни экстремизммен күреске шығындар жұмсалатыны айтылған.
2011 жылдың бюджетін бірінші нақтылау кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үкімет қорынан ішкі істер министрлігіне – 1,20 миллиард теңге, төтенше жағдайлар министрлігіне – 900 миллион теңге бөлінген.
Биылғы жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда экстремистік сипаты бар 14 қылмыстық оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тіркеуде жоқ 21 діни ұйымның қызметі анықталған деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.