Accessibility links

Мұнай-газ министрі Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы барын мойындады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев елде жанар-жағармай тапшылығы барын мойындады деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі.

Жағдайды қалыпқа келтіру үшін тиісті шаралар қабылданатынына, мемлекет реттейтін жанар-жағармай бағасы қыркүйек айында қымбаттамайтынына сендіруге тырысқан министр екі мәселе барын айтқан.

«Бірі – Ресеймен баға айырмасы алшақтап барады. Айталық, АИ-80 маркалы бензин бағасының айырмашылығы шамамен 43%, дизель отыны шамамен 40% болады» деген Мыңбаев екінші мәселе ретінде қазақстандық мұнай өңдейтін зауыттарды атағанымен, олардағы нақты қандай пробема екендігін ашып айтпады деп хабарлайды агенттік.
XS
SM
MD
LG