Accessibility links

Қытай соты 4 ұйғыр азаматын өлім жазасына кесті


Қытай қауіпсіздік күштері Үрімжі көшесінде. Шыңжаң, Қытай, 13 шілде 2011 ж.
Қытай қауіпсіздік күштері Үрімжі көшесінде. Шыңжаң, Қытай, 13 шілде 2011 ж.
Қытай соты биыл жазда Шыңжаңда болған оқиғалар бойынша айыпталған 4 ұйғыр азаматын өлім жазасына кесті.

Олардың ісін қараған сот айып тағылған төртеуді террорлық іс-әрекет, қасақана өртеу және кісі өлтіру қылмыстары бойынша кінәлі деп тапты.

Германияда орналасқан Дүниежүзілік ұйғырлар конгресі айыпталған төртеудің тергеу кезінде азапталғаны және олардың адвокаттармен кездесуіне шектеу қойылғаны туралы хабарлады.

Биыл шілде айында Шыңжаңдағы Қашғар және Қотан қалаларында ұйғырлар мен хансулар арасындағы қақтығыстар салдарынан 32 адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG