Accessibility links

Грекия бюджет шығысын тағы да қысқартты


Грекиядағы еуро монеттері.
Грекиядағы еуро монеттері.
Грек үкіметі сәрсенбі күні бюджеттің шығыс бөлігін қысқартудың қосымша шараларын мақұлдады. Онда зейнетақы мен еңбекақыны тағы да азайту, мыңдаған мемлекеттік қызметкерлерді қысқартылған жұмыс тәртібіне ауыстыру, жылжымайтын мүлікке салықты ұлғайту сияқты шаралар қарастырылған.

Үкімет бұл шараларды халықаралық қауымдастықтан 8 миллиард еуро көлемінде кезекті қаржылай жәрдем алу мақсатында қабылдап отыр. Бұған дейін Халықаралық валюта қоры мен Еурокомиссияның өкілдері грек үкіметінің бюджет тапшылығын азайтуға бағытталған іс-әрекеттерінің тиімді боларына күмән келтірген еді.

Үкіметтің қатаң қадамдарға баруына келіспеген Грекиядағы кәсіподақтардың екі ірі ұйымы қазан айында елде жаппай ереуіл өткізуге шақырды.

Грекия бұған дейін биыл жазда Халықаралық валюта қорынан 3,2 миллиард еуро көлемінде несие алған еді.
XS
SM
MD
LG