Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас БҰҰ-ға Палестина мемлекетін мойындау туралы ресми түрде өтініш тапсырды.
Бүгін БҰҰ Бас ассамблеясында мәлімдеме жасаған Махмуд Аббас халықаралық қауымдастықты Палестина тәуелсіздігін мойындауға шақырды.
Сонымен қатар Махмуд Аббас "палестиналықтар Израильмен бейбітшілікке қол жеткізуге тырысып жатыр бірақ Израильдің қоныстарды кеңейту саясаты екіжақты келіссөздердің жалғасуына кедергі жасап отыр" деп атап көрсетті.
АҚШ пен Израиль палестиналықтардың БҰҰ-ға мемлекет мәртебесі жөніндегі өтініш тапсыруына байланысты өкініш білдіріп, Палестина автономиясы билігін келіссөзге шақырды.
Батыс жағалауда мыңдаған адам көшеге шығып, Палестина басшылығының БҰҰ-ға қайырылу туралы шешімін қолдады.