Accessibility links

Обама Өзбекстанды тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады


АҚШ президенті Барак Обама мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
АҚШ президенті Барак Обама мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама президент Ислам Каримовқа телефон соғып, Өзбекстанды тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаған.

Елдегі адам құқықтары жағдайына қатысты Обама "Өзбекстанның көбірек дамуы мен қауіпсіз болуы" Өзбекстан мен АҚШ-тың екеуіне де тиімді болар еді деп мәлімдеген. Обаманың айтуынша, демократияның дамуы өркендеу мен қауіпсіздікке қол жеткізуге көмектеседі.

Ақ үйдің мәліметінше, екі ел президенттері сонымен қатар Өзбекстанның көршілес елі - Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін және дамуын қолдауға мүдделі екендерін талқылаған.
XS
SM
MD
LG