Accessibility links

"Сова" орталығы: Ресейде әсіреұлтшылдар қолынан 16 адам өлген


Орыс әсіреұлтшылдарының шеруіне қатысушы. Мәскеу, 4 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Орыс әсіреұлтшылдарының шеруіне қатысушы. Мәскеу, 4 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Биыл жыл басынан бері Ресейде әсіреұлтшылдардың шабуылы салдарынан 16 адам көз жұмып, жүзге жуық кісі зардап шеккен.

Мәскеуде орналасқан "Сова" құқық қорғау орталығының хабарлауынша, елдің 25 аймағында нәсілшілдердің шабуылы тіркелген. "Бірақ Мәскеу қаласы мен облысы, Санкт-Петербург қаласы - бұрынғысынша ксенофобия ошағы" дейді құқық қорғаушылар.

Көбінесе Орталық Азия мен Кавказдан келген адамдар, сондай-ақ әртүрлі діни топтар мен жастар қозғалыстарының өкілдері әлгіндей шабуылдардың құрбанына айналады.

Бұған дейін "Сова" орталығы жариялаған баяндамада Мәскеуде бірнеше әсіреұлтшыл топтардың мүшелері ұсталып, сотталған 2009 жылдан бері ксенофобиялық шабуылдардың бәсеңдей бастағаны айтылған.
XS
SM
MD
LG