Қазақстан сыртқы істер министрлігі қазанның 1-і күні Австралияның Брисбен қаласында жансыз денесі табылған Сағынай Батырханованың өлімін тергеу ісін өз бақылауында ұстайтын болады. Бұл туралы бүгін министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Австралия полициясының осы оқиғаға қатысты күдіктіні ұстап, тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны хабарланып отыр. Қазанның 3-і күні сот күдіктіні желтоқсанның 5-іне дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған.
Сонымен бірге, күдіктінің Таиланд азаматы екендігі және Сағынай Батырханова екеуінен дүниеге келген үш айлық ұл баланы қазір Австралияның әлеуметтік қызметі қамқорлығына алғандығы айтылып отыр.
1989 жылы туған Қазақстан азаматы Сағынай Батырханова Австралиядағы Гриффит университетінің бірінші курсында оқып жүрген.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі Австралия елшілігіне Сағынай Батырханованың ісі толықтай тергелуіне және Қазақстан азаматының мүддесінің қорғалуына барынша көмек көрсету туралы ауызша нота жіберілгенін хабарлады.