Accessibility links

Қазақстанда 9 айдағы инфляция 6,9 пайызды құрады


Қазақстанның ұлттық валютасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстанның ұлттық валютасы. (Көрнекі сурет)
Биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстанда инфляция көрсеткіші 6,9 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін парламентте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов мәлімдеді.

«Былтырғы жылы осы уақыттағы көрсеткіш 5,2 пайыз болған еді. Инфляция негізінен азық-түлік тауарлары бағасының қамбаттауымен байланысты», - деді ол.

Тәжіяқовтың айтуынша, елде азық-түлік бағасы орташа есеппен 7,9 пайызға қымбаттаған. Ол мұны әлемдегі жағдаймен байланыстырды.

«Сонымен бірге осы мерзім ішінде бензиннің бағасы 22,6 пайызға, дизель отыны - 25,3 пайызға өскен. Бұл көлікпен тасымалдау қызметтері бағасының 8,2 пайызға қымбаттауына әсер етті», - деген Тәжіяқов.

Елдегі ақша көлемі экономиканың даму деңгейіне сай екендігін айтқан Ұлттық банктің өкілі биылғы жылдың 8 айында экономиканың номиналдық өсімі 17,3 пайыз болып, ақша массасы 12,9 пайызды құрағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG