Accessibility links

Түркімен соты Азаттық радиосының тілшісін 5 жылға соттады


Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде 2011 жыл.
Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде 2011 жыл.
Түркіменстан соты Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиевті бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қыркүйектің 27-сі күні туған жері Ахал облысында ұсталған журналистке "отбасы мүшелерінің бірін өз-өзіне қол жұмсау дәрежесіне дейін жеткізген" деген айып тағылған болатын. Журналистің туыстары билік Дәулетмұрад Язкулиевті саяси себептермен қудалап отыр деп санайды.

Парижде орналасқан «Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау ұйымы Дәулетмұрад Язкулиевтің кәсіби қызметін атқарғаны үшін қудалауға түсіп жатқанын мәлімдеді.

Журналиске қарсы сот үкімі «қолдан жасалған айып бойынша шығарылғанын» мәлімдеген Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Стив Корн халықаралық қауымдастықты түркімен билігінің бұл шешімін айыптап, наразылық білдіруге шақырды.
XS
SM
MD
LG