Ұлыбритания қорғаныс министрі Лиам Фокс өзінің жақын досы әрі бұрын бір пәтерде бірге тұрған Адам Уэррити есімді азаматпен қарым-қатынаста болғаны үшін жұрттан кешірім сұрады.
Ешқандай ресми қызметте істемесе де, елге өзін "министрдің кеңесшісімін" деп таныстырған Уэрритимен достығы үшін Лиам Фокс ащы сынға қалды.
Премьер-министр Дэвид Кэмерон қорғаныс министрі мен оның әлгі "кеңесшінің" қарым-қатынасының сипаты туралы алдын ала тексеру қортындысы дүйсенбі күні өзіне тапсырылуын талап етті деп хабарлады Би-би-си.