Accessibility links

Тунистіктер бірінші рет еркін сайлауға қатысуда


Тунистіктер 23 жылдық режимнен кейінгі еркін сайлауға қатысуда. 23 қазан. 2011
Тунистіктер 23 жылдық режимнен кейінгі еркін сайлауға қатысуда. 23 қазан. 2011
Бүгін Тунис халқы алғаш рет көп партиялық сайлауға қатысып жатыр. Бұл еркін сайлаулар “араб толқуы” деп аталып кеткен реформашыл қозғалыстың ұзақтан бергі Зин әл Әбидин Бен Али режимін құлатқан тоғыз айдан кейін болып отыр.

Тунис сайлаушылары 217 орындық ассамблеяға өкілдер сайлап, елдің жаңа конституциясын қабылдап, алдағы үкіметін тағайындауға жол ашпақшы. Бен Али билігі кезінде тыйым салынған исламшыл "Енханда" партиясы халықтың басым қолдауын алуы мүмкін деп күтіліп отыр.

Тунистің уақытша президенті, кезінде Бен Алидің жақтасы болған Фауад Мебаза жаңа құрылатын ассамблеяның президент ретінде таңдаған адамына билікті тапсыруға сөз берген.

Зин әл Әбидин Бен Али Тунисті 23 жыл басқарып, толқулар кезінде Сауд Арабияға қашып кеткен.
XS
SM
MD
LG