Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстанға экономикалық және саяси мәселелер бойынша кеңестер беретін болады деді Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев қазанның 24-і күні "Қазақстан жаңалықтары" агенттігіне.
«Мен Тони Блэрдің жұмыс тобымен екі-үш апта бұрын кездестім. Олар, меніңше, осында тұрақты өкілдігінің кеңсесін ашып жатыр немесе ендігі ашқан болуы керек. Олар Қазақстанның экономикалық дамуына ғана емес, сонымен бірге елдегі саяси өзгерістерге де көңіл аударды. Біз тығыз байланыста жұмыс істеуге келістік» дейді Ермұхамет Ертісбаев.
Ертісбаев шетелдік мамандарды «өте мықты, жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар» деп сипаттаған. Бірақ Тони Блэрдің ақысы қанша болатынын айтпаған.
Қазанның 23-і күні британдық "Дэйли телеграф" басылымы Қазақстан экономикалық мәселелер бойынша кеңес алу үшін Ұлыбританияның бұрынғы үкімет басшысы Тони Блэрді жалдағаны туралы ақпарат таратқан еді. Газеттің жазуынша, Тони Блэр бір жылдық еңбегіне сегіз миллионға жуық фунт-стерлинг алады.