Accessibility links

Грекия көмек қаржыны алуды өзі шешеді


Георгиос Папандреу Брюссельдегі еуроодақ елдерінің саммитінен кейін баспасөз конференциясын өткізді. 27 қазан, 2011 жыл.
Георгиос Папандреу Брюссельдегі еуроодақ елдерінің саммитінен кейін баспасөз конференциясын өткізді. 27 қазан, 2011 жыл.
Грекия Еуроодақ кеңістігіндегі өзінің болашақ орнын айқындап алмайынша, Еуроодақ пен Халықаралық валюта қорынан берілетін көмек қаржыны ала алмайды. Бұл туралы кеше Канн қаласында Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреумен кездескен Франция президенті Николя Саркози мен Германия канцлері Ангела Меркель мәлімдеді.

Георгиос Папандреу бұған дейін желтоқсанның 4-інде Грекияның Еуроодақ құрамында қалу-қалмау мәселесін шешетін референдум өтетінін айтқан. Бұл еуропалық елдер жетекшілерінің наразылығын туғызды. Франция президенті Николя Саркози "Грекия өз міндеттемелерін орындайтын болса ғана, Еуроодақ елдерінің көмек беретінін" айтты.

Өткен аптада Грекияға 130 миллиард еуро көмек қаржы беру және бұрынғы қарыздарының жартысын қысқарту туралы келісім жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG