Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард бүгін Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеседі. Екіжақты кездесуде Еуропадағы қаржы дағдарысы мен әлемдік қаржы жүйесін реформалау мәселелерін талқыланады.
Кристин Лагард сондай-ақ қаржы министрі мен орталық банктің басшысымен кездеспек. Халықаралық валюта қорына берешегі жоқ, керісінше ұйымның басты салымшысы болып саналатын Ресей Еуроодаққа дағдарыстан шығуға тікелей көмек көрсеткен жоқ. Мұның орнына Ресей қандай да бір көмекті дүниежүзілік ұйым арқылы бергенді жөн санайды.
Табиғи ресурстарға бай Ресей Еуропа елдерінің өз энергоресурстарына деген сұранысына тәуелді.