АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон араб елдеріндегі төңкерістерді іске асырған қозғалыстар мен исламшыл топтарға қатысты ұстанымын білдірді.
Ақ Үйдің Таяу Шығыстағы ықпалы өсіп келе жатқан исламшыл топтармен бірге жұмыс істеуге дайын екендігін айтқан мелмекеттік хатшы Тунисте таяудағы сайлауда жеңіске жеткен исламшыл партияны мысалға келтірді.
Хиллари Клинтон "партиялар үшін ең маңызды нәрсе - демократия орнатуға жағдай жасау керек" деді. Ол кез-келген партияның демократия құруда орындауы тиіс міндеттері - зорлық-зомбылыққа жол бермеу, заңға бағыну және әйелдер мен азшылықты құрайтын топтардың құқын құрметтеу екенін айтты.
Хиллари Клинтонның айтуынша, "демократиялық қоғамда тура жолдағы мұсылмандар гүлденіп, көркейе алмайды деген ұйғарым адамды қорлайтын, қате және қауіпті пікір".
Мемлекеттік хатшы Вашингтонның кейде түрлі елдердегі реформаторлық қозғалыстармен түрліше қарым-қатынас жасайтынын айтты. "Себебі әр елдегі жағдай әрқалай болғандықтан АҚШ-тың мүддесі Вашингтонға түрлі ұстаным ұстануға мәжбүрлейді" дейді Хиллари Клинтон.