Accessibility links

Бас прокуратура: Атыраудағы жарылыстарға "Халифат сарбаздары" ұйымының қатысы бар


Атырау облысы әкімшілігі ғимараты. 18 ақпан, 2009 жыл.
Атырау облысы әкімшілігі ғимараты. 18 ақпан, 2009 жыл.
Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтың айтуынша, "Халифат сарбаздары" деп аталатын террористік топ 2009 жылы Солтүстік Кавказда қаза тапқан экстремизмді насихаттаушы Саид Бурятскийдің жиһадшыл идеяларының әсерімен құрылған. "Топ мүшелері шетелге жиһадқа бармақ болғаны анықталды" дейді бас прокуратура өкілі.

Нұрдәулет Сүйіндіковтың айтуынша, тергеу барысында 1986 жылы туған Усабеков Мейрамбек, 1988 жылы туған Қалқаманов Мирхат, 1983 жылы туған Сағынов Әлімжан Атыраудағы жарылыстарды өз мойындарына алған.

"Топтың "Халифат сарбаздары" террористік ұйымымен байланыс орнатқаны да анықталған. Бұл ұйымды биылғы жылы жазда Қазақстан азаматтары Ринат Хабидолла, Орынбасар Мұнатов және Дамир Зналиев Қазақстан аумағында жиһад жүргізу мақсатында құрған" дейді прокуруратура өкілі таратқан ақпарат.

Ресми өкіл "қылмыстық істің толықтай ашылғанын" айтты.

Қазанның 31-і күні Атырауда екі рет - бірі облыстық әкімдіктің маңында, екіншісі Сарыарқа көшесінде - жарылыс болған еді.
XS
SM
MD
LG