Accessibility links

"Халифат сарбаздары" Тараздағы жарылысты мойнына алды


"Халифат сарбаздары" тобының Қазақстан үкіметіне қарсы алғашқы мәлімдеме таратқан видеосынан көрініс. 21 қазан 2011 жыл.
"Халифат сарбаздары" тобының Қазақстан үкіметіне қарсы алғашқы мәлімдеме таратқан видеосынан көрініс. 21 қазан 2011 жыл.
Қазақстан ҰҚК шекаралық қызметі Тараздағы террорлық актілерден кейін Қырғызстанмен шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтті деп хъабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Хабарларға қарағанда, қауіпсіздік жағдайлары елдің басқа да аймақтарында, оның ішінде Астанада күшейтілген.

Сенбі күні Тараздағы жарылыс пен атыстардан бес полицияны қосқанда жеті адам қаза тапты. "Жихад жариялау идеясын ұстанған 34 жастағы жігіт соңында өзін жарып жіберді" деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Тағы екі полиция қызметкері жараланған. Бұл оқиғаға қатысты терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі өз бақылауына алған.

Тараздағы жарылысқа да жауапкершілікті "Халифат сарбаздары" тобы алып, мұндай шабуылдар жалғаса беретінін мәлімдеді деп ақпарат DPA агенттігі хабар таратты.

Тараздағы қантөгіс соңғы екі аптада болып отырған екінші террорлық жарылыс. 31 қазанда Атыраудағы облыстық әкімшілік ғимаратына жақын жерде жасалған екі жарылысты да "Халифат сарбаздары" исламшыл тобы өз мойнына алып, "бұл әрекетіміз Қазақстанның дін туралы заңына қарсылық" деген еді.
XS
SM
MD
LG