АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездескенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, тараптар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ ұстанымға келді.
Гавайидегі Азия Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті аясында кездескен екі ел президенті зымыран қорғанысына қатысты да келіссөздер өткізген.
Бұдан кейін АҚШ президенті Қытай жетекшісімен кездесіп, Иранды халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырған. Бірақ Ресей және Қытай президенттері кездесуден кейін қоғам алдына шығып, Иранға қатысты ұстанымдарын білдірген жоқ.
Бұл екі ел осыған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранның уран байыту жұмыстарына қарсы Тегеранға төртінші мәрте салынған санкцияларына қолдау танытқан еді.