Ішкі істер министрі Қалмұхамед Қасымов Таразда болған жарылыста өзін-өзі жарған, 1977 жылы туған М.Қариев есімді азаматтың сыбайластары болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі.
Бірақ министр: "Біз әзірге Қариевтің жалғыз өзі әрекет еткенін айтып жатырмыз" деп қосып қойды.
Оның айтуынша, тергеушілер әртүрлі болжамдарды, соның ішінде бұған дейінгі Атыраудағы жарылысты мойындаған «Халифат сарбаздары» тобының да Тараздағы оқиғаға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
12 қарашада Тараз қаласында болған террорлық актіден М.Қариевтен басқа жеті адам (бесеуі - құқық қорғау қызметкерлері, екеуі - бейбіт тұрғын) қаза тапты.