Accessibility links

Беларусь елден үкіметтік емес ұйымның екі қызметкерін шығарып жіберді


Полиция үкіметтік емес ұйымның кеңсесіне басып кірді. Беларусь. 6 ақпан, 2008 жыл.
Полиция үкіметтік емес ұйымның кеңсесіне басып кірді. Беларусь. 6 ақпан, 2008 жыл.
Беларусь билігі Брест қаласында үкіметтік емес ұйымда (ҮЕҰ) жұмыс істейтін екінші поляк әйелін депортациялап жіберді.

Беларусьтің шекара күзеті осы елде жүрген Польшаның Fundacja Institutum Orientalium ұйымының қызметкері Кинга Ксионзекті ешқандай ресми түсініктеме берместен Польшаға қайтарып жіберді. Оған тек "Беларусьте жүрмегенің жөн" деп ескерткен.

Осы ұйымның тағы бір қызметкері Магдалена Калиновска Могилев қаласынан кетуге мәжбүр болды. Калиновска Могилевте тамыз айынан бері Беларусь кәсіпкерлеріне Польшадағы дайындық бағдарламаларына өтініш беруге көмектесіп жүрген.

Қарашаның 11-і күні миграция департаменті Магдалена Калиновсканың өзі ресми тіркелген үйден басқа жерде тұратынын айтып, заң бұзды деп айыптады. Бұдан соң Беларусь билігі оны елден кетуге бұйырған.

Польшаның Fundacja Institutum Orientalium - Шығыс Еуропа, Балқан түбегі және Азия елдері арасындағы байланыстарды жандандырумен айналысатын ұйым. Беларусьтегі 9.7 миллион халықтың 4 пайызы этникалық поляктар.
XS
SM
MD
LG