Шешенстандағы содырлардың жетекшісі Доку Омаров Түркияда қаза тапқан Солтүстік Кавказдық содырлар үшін Түркияға жауап береміз деп сес көрсетті.
Солтүстік Кавказдағы содырлардың "Кавказ центр" веб-сайтындағы бейнекөріністе Доку Омаров Түркияда қаза тапқан шешен азаматтарын Ресей жансыздары өлтірді деп айтады.
Қыркүйек айында Солтүстік Кавказдық үш ер адамды Стамбулдағы мешіттің жанында атып кеткен еді. Ресейлік тергеушілер кейін "олардың екеуі биыл Мәскеу әуежайында болған жарылысқа кінәлі шешендер болды" деп мәлімдеген.
Солтүстік Кавказда ислам мемлекетін құруды көздейтін Кавказ әмірлігі тобының жетекшісі Доку Омаров Мәскеуде жасалған бірнеше жарылысты мойындарына алған. Олардың арасында қаңтардағы, 37 адамды мерт қылған Мәскеу әуежайында болған жарылыс та бар.