Accessibility links

"Азат" партиясы: "Билік сайлауды бақылауға кедергі жасап отыр"


"Азат" ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілов. Алматы, 21 қараша, 2011 жыл.
"Азат" ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілов. Алматы, 21 қараша, 2011 жыл.
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бүгін «билік партияға кезекті рет сайлауда берілетін дауыстарды санауға қатыстырмаудың амалын қарастырып жатыр» деп мәлімдеді.

«Азат» партиясы жасаған мәлімдемеге қарағанда, қарашаның 21-і күні партияға орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоостан хат келген. Онда «Сайлау туралы» заң бойынша саяси партиялардың сайлау учаскелерінің комиссияларына өз өкілдерін кеңесші ретінде жіберу мерзімі сайлау мерзімі белгіленгеннен 7 күн өткенде аяқталатыны айтылыпты. Яғни ол мерзім бүгін, қарашаның 22-сі аяқталады.

Ал «Азат» партиясы «Сайлау туралы» заңда саяси партиялардың аталған құқықты пайдалануын шектейтін ешқандай баптың жоқ екендігін айтады. Партия басшылығы орталық сайлау комиссиясы жеті күндік мерзімді партиямен кеңеспей өз беттерінше белгілеген деген болжам айтады.

Осы мәселеге қатысты түсініктеме алу үшін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоосқа телефон шалған Азаттық тілшілеріне оның хатшысы Фоостың орнында жоқ екендігін айтып, біраз уақыттан кейін хабарласуды сұрады. Бірақ бұдан кейін хатшы телефон тұтқасын көтермеді.
XS
SM
MD
LG