Accessibility links

АҚШ енді Ресейге Еуропадағы қарулы күштер жайлы мәліметтерді бермейді


Еуропадағы Қарулы күштер туралы келісімге мүше мемлекеттердің Венадағы конференциясына қатысушылар. Австрия, 12 маусым, 2007 жыл.
Еуропадағы Қарулы күштер туралы келісімге мүше мемлекеттердің Венадағы конференциясына қатысушылар. Австрия, 12 маусым, 2007 жыл.
АҚШ Еуропадағы қатардағы қарулы күштер туралы келісімінің Ресейге қатысы бар кейбір міндеттемелерін енді орындамайтынын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Виктория Нуланд "АҚШ Еуропадағы қарулы күштер туралы келісім бойынша өздерінің базаларын тексеруге бұдан былай ресейліктерді жібермейді. Біз Мәскеуге Еуропадағы ядролық қаруға жатпайтын қарулы күштер туралы жыл сайынғы мәліметтерді беруді тоқтатамыз. НАТО-дағы одақтастарымыз да осы қадамға барады деп ойлаймыз" деді.

Виктория Нуланд бұл шешім Ресейдің қарулы күштерге қатысты келіссөздерді тым созып жібергеніне байланысты қабылданғанын айтады.

Ресей Еуропадағы қарулы күштер туралы келісімнің шарттарын орындауды 2007 жылы тоқтатқан болатын. Ал АҚШ пен оның одақтастары келісімнің талаптарын осы кезге дейін орындап келді.
XS
SM
MD
LG