Accessibility links

Франция Сирияда қауіпсіздік аймағын құруды ұсынды


Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе.
Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе.
Франция Сирияда бейбіт тұрғындарды қорғау аймағын құруды ұсынды.

Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппенің айтуынша, Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздік аймағы әскери араласу жолымен құрылмайды. Бірақ қауіпсіздік аймағы азаматтарды және гуманитарлық көмек жүктерін тиеген көліктерді қорғай алады. Ол сондай-ақ Сирияның қуғындағы оппозициясы - Ұлттық кеңесті "жұмыс істеуге тұрарлық заңды әріптес" деп атады.

БҰҰ мәліметі бойынша, Сирияда билікке қарсы наразылық шаралары басталған сегіз айда 3,5 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG