Accessibility links

Каирде бір наразылық танытушы қаза болды


Каирде наразылық шарасы жалғасып жатыр. 26 қараша 2011 жыл.
Каирде наразылық шарасы жалғасып жатыр. 26 қараша 2011 жыл.
Сенбі күні Каирдегі Тахрир алаңында бір наразылық танытушы қаза болды деп хабарлайды Египет дәрігерлері. Куәгерлердің айтуынша, әлгі шерушіні әскери көлік басып кеткен.

Египет астанасында тоғыз күн бойы наразылық акциясын жалғастырып жатқан белсенділер елдің уақытша әскери билігінің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Наразылық танытушылар Камал Ганзуридің уақытша үкімет басшысы етіп тағайындалғанына қарсы болып отыр.

Египетте парламенттік сайлаулар дүйсенбіге белгіленген. Соңғы күндері бұл елдегі толқулар барысында 41 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG