Қазақстан үкіметі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің жоғарғы мемлекеттік сыйлығы - «Халық қаһарманы» атағын беруге шешім қабылдады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.
Бұл ұсынысты бүгін үкімет отырысында әділет министрі Рашид Түсіпбеков айтқан. Үкімет мүшелері сенаттың қарауына ұсынылған Қазақстанның тұңғыш президенті мен ұлт көшбасшысы туралы, мемлекеттік марапаттаулар туралы заңдарға жасалатын түзетулерді бірауыздан қолдады.
Министрлердің қолдауынан кейін премьер-министр Кәрім Мәсімов бірден ол құжатқа қол қойды.
Бұл атақ Қазақстанның 30-дан астам азаматына берілген. Олардың арасында ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.