Accessibility links

Ақтөбеде ҰҚК ғимаратындағы жарылысқа қатысты сот процесі басталды


Ақтөбе гарнизоны әскери сотының ғимараты. Ақтөбе, 19 қазан 2011 жыл.
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының ғимараты. Ақтөбе, 19 қазан 2011 жыл.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында терроризмге қатысы бар деген айыппен 12 адамға қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 адамға әртүрлі айыптар тағылып отыр. Олардың қатарында «террористік топ құру», «терактіге қатысу», «терроризмді насихаттау» «діни алауыздықты қоздыру», «заңсыз қару жасау» баптары бойынша тағылған айыптар бар.

17 мамырда Ақтөбеде облыстық ҰҚК департаменті ғимаратында 25 жастағы Рахымжан Махатов өзін-өзі жарып жіберген еді. Жарылыстан оның өзі қаза болып, үш адам жараланған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде 12 адам қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG