Accessibility links

Алматы маңындағы Боралдай кентінде атыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Желтоқсанның 3-і күні кешкі сағат 19.30 шамасында Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінде «қылмыстық топ пен күш құрылымдары арасында қарулы қақтығыс болды» деп хабарлайды Қазақстан бас прокуратурасы.

Ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген топ өздерін ұстамақ болған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсылық танытқан.

"Қылмыскерлер осы кенттегі бір үйге бекініп алған. Атыс болған жер қоршауға алынып, жақын маңдағы тұрғындар басқа жаққа көшірілді. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды" деп мәлімдеді бас прокуратура.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бұл атыстан ұлттық қауіпсіздік комитеті "Арыстан" арнайы жасағының екі қызметкері қаза тапқан. Бірақ тиісті орындар әзірше ол деректі растаған да жоқ, теріске де шығармады.
XS
SM
MD
LG