Accessibility links

Словенияда парламент сайлауының алғашқы нәтижелері шықты


Словенияда кеше өткен парламент сайлауының алдын-ала қорытындысы шықты.

Алғашқы нәтижелерге қарағанда, Любляна қаласының мэрі Зоран Янкович басқаратын солшыл "Позитивная Словения" партиясы 29 пайыз дауыс жинап, алда келеді. Одан кейінгі орында келе жатқан оңшыл Словения демократиялық партиясы әзірге 26 пайыз дауыс жинады.

Бақылаушылар "бұл сайлауда солшыл премьер-министр Борут Пахор Еуропадағы қаржы дағдарысына қатысты биліктен кеткен соңғы еуропалық жетекші болады" деп болжаған еді.

Еуро аумағына кіретін 17 елдегі дағдарыс әсерінен Португалия, Грекия, Италия және Испания үкіметтері ауысты.
XS
SM
MD
LG