Литва астанасы Вильнюсте ЕҚЫҰ-на мүше елдердің сыртқы істер министрлерімен кездескен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Ресейдегі парламенттік сайлауды "әділетсіз өтті" деп сынады.
"Мемлекеттік думаға өткен сайлау еркін, я әділетті өткен жоқ. Бұл азаматтардың сенімін жоғалтады. "Парнас" сияқты тәуелсіз саяси партияларды тіркеуден бас тартылды. ЕҚЫҰ сайлау күнінде сайлаушылар тізімі қолдан жасалғаны, дауыс беру жәшіктерін қолдан толтыру әрекеттері және басқа да заң бұзушылықтар болғанын хабарлады" деді мемлекеттік хатшы. Хиллари Клинтон: "Ресейлік сайлаушылардың сайлаудағы бұрмалаушылықтарды тексеруге толықтай құқы бар" деп мәлімдеді.
Кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қатысты. Бірақ Хиллари Клинтон мен Лавров екеуі жекелей кездеспеді.
Оппозициялық саясаткерлер мен бақылаушылар жексенбі күнгі парламент сайлауын "әділетсіз өтті" деп бағалаған болатын. Ал кеше Мәскеу мен Санкт-Петербургте билеуші "Единая Россия" партиясы жеңіске жеткен сайлау нәтижелеріне наразылық танытқан 400 дей адам тұтқындалды.