Human Rights Watch («Хьюман Райтс Вотч») халықаралық ұйымы Өзбекстанды соңғы жылдары кейбір реформаларға қарамастан азаматтардың құқықтары сақталып, құрметтелмей келеді деп сынады.
Бүгін жариялаған баяндамасында халықаралық ұйым Өзбекстан түрмелерінде азаптау мен қинаудың әлі де бар екенін, адам құқықтарын қорғаушылардың түрмеге жабылып, қорғаушылардың үнсіз қалып отырғанын мәлімдеді.
Human Rights Watch: "Елде адам құқықтарының сақталмай отырғанына қарамастан АҚШ, Еуроодақ және жекелеген еуропалық елдердің басшылары соңғы жылдары Ташкентке қатысты қатаң ұстанымдарын әлсіретті. Мұның себебі Өзбекстанның олар үшін Ауғанстандағы НАТО күштерін керек-жарақпен қамтамасыз етуге қажетті транзиттік мемлекет болып отыруында" дейді баяндамасында.
Баяндама Өзбекстанда 2009 және 2011 жылдар аралығында жүргізілген 100-ден астам сауалнаманың нәтижесінде дайындалған.