Accessibility links

Леонид Кучмаға қарсы қылмыстық іс жабылды


Қастандықпен қаза болған Украина журналисі Георгий Гонгадзе.
Қастандықпен қаза болған Украина журналисі Георгий Гонгадзе.
Украина соты бұрынғы президент 72 жастағы Леонид Кучмаға қарсы журналист Георгий Гонгадзенің өліміне қатысы бар деп қозғалған қылмыстық істі жапты.

Георгий Гонгадзе 2000 жылы қыркүйекте жоғалып кетіп, кейінірек бассыз мәйіті Киев түбіндегі орманнан табылған болатын. Оның өлімі Украина тарихындағы ең атышулы кісі өліміне айналды. Гонгадзе зерттеу мақалаларында елдегі коррупцияның жоғары деңгейге жеткенін ашып жазды және сол кездегі президент Леонид Кучманы қатты сынады.

Биылғы наурыз айында Украинаның бас прокуратурасы Леонид Кучмаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. 1994-2005 жылдары президент болған Кучма журналистің өліміне еш қатысы жоқ екенін айтқан. Кеше Киевтің Печерский аудандық соты экс-президентке тағылған айыпты алып тастады.
XS
SM
MD
LG