Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздік болды


Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі. Көрнекі сурет.
Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі. Көрнекі сурет.
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында «жаппай тәртіпсіздіктер» болып, екі полиция қызметкері зардап шекті деп хабарлады бүгін бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметіне сәйкес қала орталығындағы алаңда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараларға кедергі жасалған.

«Тәуелсіздік күніне орай тұрғызылған киіз үйлер мен көшпелі сахна қиратылған. Екі полиция қызметкері жараланды» деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жаңаөзенде жарты жылдан астам уақыттан бері мұнайшылардың ереуілі жалғасып жатқандығы белгілі.

Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG