Accessibility links

Жаңаөзенде 70-ке жуық адам тұтқындалды


Жаңаөзендегі ереуілшілер мен полиция арасындағы қақтығыс мерекелік шыршаны құлатудан басталды. 16 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзендегі ереуілшілер мен полиция арасындағы қақтығыс мерекелік шыршаны құлатудан басталды. 16 желтоқсан 2011 жыл.
Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жаңаөзендегі жағдай тұрақтанғанын мәлімдеді.

«Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер басып-жаншылды, қаладағы ахуал қалыпқа түсті, алаңда ешкім жоқ» деді Қалмұханбет Қасымов.

Полицияның деректері бойынша, Жаңаөзенде тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 70-ке жуық адам тұтқындалған.

Министр Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күні болған тәртіпсіздіктер салдарынан 10 адам қаза тауып, әртүрлі жарақат алған 75 адам ауруханаға жеткізілген. «Олардың алтауы - құқық қызметкерлері, біреуі әл үстінде жатыр» деді министр.

Министр «Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге бұған дейін жұмыстан шығарылған мұнайшылар кінәлі» дейді.

Жұманың кешінен бері Жаңаөзен қаласы телефон байланысынан ажыратылған. Сонымен бірге Қазақстанда интернет пайдаланушылар бірқатар тәуелсіз БАҚ сайттары мен Twitter әлеуметтік желісінің ашылмайтынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG