Accessibility links

Алматыда бірнеше белсендіні полиция ұстап әкетті


Полиция оппозициялық журналист Жанна Байтелованы ұстап әкетіп барады. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Полиция оппозициялық журналист Жанна Байтелованы ұстап әкетіп барады. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Сенбі, желтоқсанның 17-сі күні Алматыда оппозициялық ұйым белсенділерін полиция ұстап әкетті деп хабарлады Азаттық радиосына қоғамдық белсенділердің бірі Жанна Байтелова.

- Бүгін таңертең маған Лариса Бояр хабарласып, өзін полиция бөлімшесіне әкетіп бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, әуелі Дмитрий Тихоновты алып кеткен екен. Дима Ларисаға хабарласып үлгерген. Қазір екеуінің де телефондары сөніп тұр, - деді Жанна Байтелова.

Ол өзінің пәтеріне де біреулер келіп, есігін қаққанын айтты.

- Олар "полицейміз, ашыңыз, сөйлесуіміз керек" деді. Бірақ мен есікті ашпадым, "керек болса, санкциямен келіңіздер" дедім. Олар қазір де мені аулада қарауылдап тұр. Полицейлер мен қызметтік машиналар да тұр, - деді Жанна Байтелова.

Оппозициялық белсенді Арман Ожаубаев пен тағы бір адамды полиция ұстағаны туралы ақпарат та бар.
XS
SM
MD
LG