Accessibility links

"Азат" ЖСДП Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады


Бүгін "Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзенде болған оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады.

"Белгілі сайттар бұғауланып, Жаңаөзенмен телефон байланысы үзілуі салдарынан және ресми тұлғалардың сараң дерек беруі кесірінен осы оқиғаға байланысты ақпарат тапшы болып" отыр дейді партия.

"Полицейлерді қарусыз адамдарға қару қолдануға қандай жағдай итермелегеніне алаңдаған" ЖСДП "тәртіпке келтірудің заң және азаматтар құқығын сақтау шеңберінде жүргізіліп жатқанына" күмәнданады.

"Азат" ЖСДП ереуілші мұнайшылардан, билік, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған төтенше комиссия жасақтауды ұсынды.
XS
SM
MD
LG