Жаңаөзенде 20 желтоқсаннан бастап бірқатар әлеуметтік мекемелер жұмыс істей бастайды деп хабарлады қала коменданты Аманжол Қабыловқа сілтеген аймақтық "Лада" газеті.
Қала және облыс басшылары, үкіметтік комиссия мүшелері кеше қаладағы жылу, байланыс, жарықпен қамтамасыз ету, басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысы жайлы кеңесіп, 20 желтоқсаннан бастап бұл нысандардың толық жұмыс істей бастайтынын хабарлаған.
"Бүгіннен бастап Жаңаөзенде тәртіпсіздіктерден кейінгі тазалау жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы 22 мектеп те жұмыс істей бастайды. Қала әкімшілігінің ғимараты уақытша Өтесінов атындағы дене шынықтыру және сауығу кешеніне орналасады" дейді комендант Аманжол Қабылов. Оның айтуынша, шығындарды есептейтін комиссия да құрылған.
Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 14 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.