Accessibility links

Жаңаөзенде жараланғандар саны 99-ға жетті


Жаңаөзен оқиғасында жараланған адамдардың бірі ауруханада жатыр. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен оқиғасында жараланған адамдардың бірі ауруханада жатыр. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласындағы оқиғада жарақат алғандардың саны 99-ға жетті. Бұл туралы бүгін Жаңаөзенде брифинг өткізген комендант Аманжол Қабылов мәлімдеді. Оның хабарлауынша, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар күдіктілер тұтқындалған.

"Сегіз адам қамауға алынды. Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды", - деді Аманжол Қабылов.

Коменданттың мәлімдеуінше, Жаңаөзен оқиғасында 14 адам қаза болған, 99 адам жараланған. Ол 55 адамның қаза тапқандығы туралы ақпараттың расталмағандығын жеткізді.

Бұдан бұрын ресми өкілдер Жаңаөзен оқиғасында 86 адамның жараланғандығын хабарлаған еді.

YouTube сайтында Жаңаөзендегі оқиғаның алғашқы күні, желтоқсанның 16-сында түсірілген видео пайда болды. Бұл видеода арнайы жасақтың қарусыз тұрғындарды қалай ата бастағаны бейнеленген. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, журналистер осы видеоға қатысты коменданттың комментарий беруін сұраған.

Аманжол Қабылов "бұл фактілермен Қазақстан ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік бойынша тергеу тобы айналысып жатыр" деген.
XS
SM
MD
LG