Accessibility links

HRW: Сирияда соңғы аптада 200 адам өлді


Хама қаласының маңында халық наразылық шеруін өткізіп жатыр. Хама, 2 тамыз 2011 жыл.
Хама қаласының маңында халық наразылық шеруін өткізіп жатыр. Хама, 2 тамыз 2011 жыл.
Сирияның оппозициялық коалициясы БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мен араб лигасын Сирияның солтүстік батысында болып жатқан оқиғаларға қатысты төтенше жиын өткізуге шақырды. Шет елде орналасқан Сирияның Ұлттық кеңесі дүйсенбіден бері елде 200-ден астам адамның қаза тапқанын айтады.

Human Rights Watch (HRW) ұйымының Сириядағы өкілі Рами Абдулрахман сейсенбіде Идлиб провинциясының солтүстігіндегі таулы Джабал әл-Завия аймағында 111 бейбіт тұрғын мен белсендінің қаза болғанын айтады. Башар әл-Асад күштері аймақтағы бейбіт тұрғындар мен белсенділерді қоршап алып, екі сағат бойына ауыр әскери техникадан оқ жаудырған. Ол бұдан өзге армиядан қашқан 100 адамның я жараланғанын, я өлгенін айтып отыр. "Бұл Сириядағы наразылықтар өтіп отырғаннан бергі ең қанды күн" дейді ұйым өкілі.

Сириядағы жағдайлардың анық-қанығын тексеру қиын. Себебі "1100-ден астам сарбаз бен полицейді өлтірген террористермен күресіп жатырмыз" деген билік тәуелсіз ақпарат құралдарының көпшілігінің қызметіне тыйым салған.

БҰҰ мен адам HRW ұйымының мәліметері бойынша, Сирияда президент Башар әл-Асад билігіне қарсы наразылықтар басталған наурыздан бері 5 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG