Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-ы болған тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 16 адам тұтқындалған.
Бұл туралы бүгін журналистерге Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық алқасының төрағасы Нұрсерік Шарипов хабарлады.
- Маңғыстау облыстық соты Қылмыстық кодекстің 241-бабының 2-тармағы бойынша ("жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу") 16 адамды тұтқындауға санкция берді, - деді ол.
Шарипов ұсталғандарға қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұған дейін ресми орындар Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 15 адамның қаза болғанын хабарлаған еді. Сонымен бірге Жаңаөзендегі жағдайға қатысты желтоқсанның 17-і наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған.
Бейсенбі күні Ақтау мен Жаңаөзенге барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "полиция өзіне бағынбаған топты жуасыту мақсатында әуелі аспанға, кейін жерге қарата оқ атқан" деп мәлімдеген.