Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзенде жағдай тұрақты


Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімінің ауласында тұрған су шашатын машина. 21 желтоқсан, 2011 жыл.
Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімінің ауласында тұрған су шашатын машина. 21 желтоқсан, 2011 жыл.
Сенбі күні Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз-қызметі өткен аптаның аяғында тәртіпсіздіктер болған Маңғыстау облысындағы Жаңаөзенде жергілікті билік азаматтардан келтірілген шығынның орнын толтыру турасындағы өтініштерін қабылдай бастады деп хабарлады.

Хабарламада «қаладағы әкімдік ғимаратын, «Аруана» қонақ үйін, «Өзенмұнайгаз» компаниясының кеңсесін қалпына келтіру жұмыстары басталды, "Халық банкінің» қалалық бөлімшесі жұмыс істеп, жалақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеп жатыр» деп жазылған.

Бас прокуратураның 24 желтоқсандағы мәлімдемесіне сәйкес,екінші ауысымға «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшылары толығымен шыққан.

Жаңаөзен қаласымен қатар бүкіл Маңғыстау облысы бойынша жағдай тұрақты және барлық жайт құқық қорғау органдарының бақылауында. Соңғы алты тәулік бойына ешқандай қылмыстық әрекет тіркелмеді деп атап көрсетілген хабарламада.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 15 адамның қаза болғаны расталды, ал жергілікті адамдар құрбан болғандар бұдан әлдеқайда көп дейді. 17 желтоқсанда Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG