Жаңаөзендегі оқиғаларда қаза тапқандардың отбасыларына бір миллион теңге көлемінде өтемақы беріледі деп мәлімдеді үкіметтік комиссияның басшысы Өмірзақ Шүкеев Жаңаөзен қаласының тұрғындары және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуде. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады
Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, бұлардан бөлек жараланғандардың отбасыларына жарты миллион теңге мөлшерінде өтемақы беріледі. Ол сондай-ақ Жаңаөзенді қалпына келтіру үшін екі миллиард теңге қаржы қажет екенін айтты.
Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 16 адамның қаза болғанын расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған.