Қытай үкіметі Щыңжаң ұйғыр автономиялы аймағында (ШҰАА) полиция "террорист" деп жеті адамды атып өлтіргенін хабарлады.
Автономиялы аудан өкілі Хоу Хань полиция 7 адамды Хотан қаласында "қарулы топ кепілге алған екі адамды босату операциясы" кезінде атып өлтіргенін айтады. Полиция төрт адамды жаралап, тағы төртеуін тұтқындаған. Аймақ өкілі кепілге алғандар мен кепілдегілер ұйғырлар болғанын жеткізді.
Ал Германияда орналасқан Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің өкілі Дильшат Рашид қытайлық полицейлер Қытайдан тәуелсіздігін талап еткен ұйғырлардың наразылығын басып-жаншыған дейді. Ол қаза болғандардың ресми ақпардан анағұрлым көп екендігін айтады.
Оның мәліметінше, полиция қазір тұрғындардан ұялы телефондарын тәркілеп жатқан көрінеді.