Accessibility links

Белсенді Ермек Нарымбаев сөгіс алды


Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев сот залында отыр. Алматы, 21 маусым 2010 жыл.
Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев сот залында отыр. Алматы, 21 маусым 2010 жыл.
"Назарбаев - кет" деп ұрандап қылмыстық жазаға тартылған оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев 2 қаңтарда сөгіс алды. Бұл туралы Азаттық радиосына оның әйелі Зоя Нарымбаева хабарлады.

Оның айтуынша, Ермек Нарымбаевқа түрмедегі түгендеу кезінде "кешігіп келгені үшін" сөгіс берген. Ал Ермек Нарымбаевтың өзі кешіккенін жоққа шығарады.

Зоя Нарымбаева күйеуінің бұған дейін өткен маусым айында өзін колонияға ауыстыру туралы өтінішті қарауға дейін бір, қыркүйекте шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қарар алдында екі рет сөгіс алғанын жеткізді. Екі сөгіс те Нарымбаевтың аталған өтініштерін қарауға кері әсер еткен. Әйелі Ермек Нарымбаевтың бұл жолғы сөгісі оның рақымшылыққа ілінуіне қалай әсер ететінін білмейді.

«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев 2010 жылы мамырдың 1-і күні Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етіп өткен демократиялық күштердің жиынында «Назарбаев, кет!» деп ұрандаған. Одан кейін жиынды өткізуге кедергі жасаған полицияның іс-әрекетіне наразылық ретінде аштық жариялады. Ал бір айдан соң сот оны төрт жылға бас бостандығынан айырды.
XS
SM
MD
LG