Пәкістан ішкі істер министрі елдің бұрынғы президенті Первез Мушарраф Пәкістанға қайтып келетін болса, қамауға алынады деді. Министр Рехман Малик бұл туралы dpa агенттігіне айтты.
Мушарраф жексенбі күні Дубайдан видео байланысқа шығып, мыңдаған қолдаушысына үндеу жолдады. Ол осы айдың соңында өзінің Пәкістанға оралып, жақында құрылған саяси партияға жетекшілік ету жоспары туралы айтқан.
Превез Мушарраф 1999 жылы билікті төңкеріспен басып алып, әскери диктаторлықтан кейін азаматтық жетекшіге айналып, елді 2008 жылға дейін басқарды. Оған 2007 жылы қастандықпен өлтірілген бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деген айып тағылған еді.