Accessibility links

«Экзит-пол бойынша парламентке үш партия өтті» деп хабарланды


Гүлмира Илеуова, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеу орталығының директоры. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл
Гүлмира Илеуова, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеу орталығының директоры. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қаңтардың 16-сына ауған түні Астана қаласында «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының директоры Гүлмира Илеуова парламент мәжілісіне кезектен тыс өткен сайлаудың экзит-пол нәтижелерін жариялады.

Оның айтуынша, экзит-пол дауыс беру учаскелеріне келген сайлаушылардан сауалнама алу арқылы жүргізілген. 14 облыста және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан 196 сайлау бөлімшесінде барлығы 19 мың 520 сайлаушыдан анкета алынған. Респонденттер сауалнамада өзінің жасын, жынысын, ұлтын, қызметін және қай партияға дауыс бергенін көрсетіп, арнайы орналастырылған жәшіктерге салған.

Гүлмира Илеуованың мәлімдеуінше, экзит-пол сауалнамасының нәтижесі мынандай:

"Нұр Отан" - 81,3 пайыз;
"Ақ жол" демократиялық партиясы - 7,2 пайыз;
Қазақстан халықтық коммунистік партиясы - 7,1 пайыз;
Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы - 1,5 пайыз;
"Ауыл" социал-демократиялық партиясы - 1,2 пайыз;
"Әділет" демократиялық партиясы - 0,9 пайыз;
Қазақстан Патриоттар партиясы - 0,8 пайыз.

Алдын-ала болжам Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің пост-советтік кеңістікті зерттеу орталығының тапсырысымен жүргізілген. Гүлмира Илеуова "молдовалық тәсіл" деген атпен белгілі сауалнама әдісін көптеген әдістердің ішіндегі "ең объективтісі" ретінде таңдағанын айтты.
XS
SM
MD
LG