Кеше Молдованың астанасы Кишиневте үкіметке қарсы шерулер болды. Демонстранттар үкіметтен жаңа сайлаулар өткізуді және өмір сүру стандарттарын жақсартуды талап еткен.
Наразылық шерулері үкіметтің ел президентін сайлау үшін конституцияға өзгерістер енгізуді көздеп, көктемге белгілеген референдумы қарсаңында өткізіліп отыр. Қазіргі конституция бойынша, президент парламенттегі депутаттардың көпшілігінің дауыс беруімен сайланады. Ал конституцияға өзгерістер енгізілсе, президентті сайлау жолы жеңілдемек.
Шерулерді бірнеше оппозициялық партиялардан құралған Конституцияны қорғау комитеті ұйымдастырды.
Молдовада парламенттегі партиялардың ешқайсысы президентті ұсынуға қажетті дауысты ала алмағандықтан екі жылдан бері ел президент сайланбай келеді.