АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша өкілі Роберт Блейк Қазақстанның саяси жүйесін реформалап, адам құқықтарын сақтау туралы берген уәделері "көп жағдайда орындалмай қалды" деп мәлімдеді.
Блейк бұл пікірін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Вашингтонда өткен конференция кезінде жария еткен.
Оның айтуынша, Орталық Азиядағы мұнайға бай бұл ел дами түсу үшін азаматтық бостандықтарды сыйлауы керек. АҚШ мемлекеттік хатшысының өкілі "демократиялық институттар қалыптастыру" Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасын күшейтер еді деген ой айтты.
Дәл осы іс-шара кезінде сөз сөйлеген Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов елінің "демократияға құшақ жайғанын", бірақ әлі де "танып-біліп жатқанын" айтты.
Freedom House ("Фридом Хауз") халықаралық ұйымы қаңтардың басында Қазақстанда өткен жылы адам құқықтары мен бостандықтарының өрескел түрде бұзылып, шектеуге ұшырағаны туралы хабарлаған еді. Ұйым діни наным-сенім бостандығын шектей түсетін жаңа заңның қабылдануын, ереуілші мұнайшылардың күшпен басып-жанышталғанын мысал еткен.
Ержан Қазыханов Жаңаөзенде 2011 жылы желтоқсанның 16-17-сі күндері болған оқиғаға орай пікір айтты. «Бұл оқиғаны толық түсіну үкіметке маңызды сабақ болатынын, тиімдірек басқару мен болашақта тиімді саясат құруға септесерін мойындаймыз» деді Қазақстан сыртқы істер министрі.
Осы конференция кезінде Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров Азаттық радиосына сұқбат беріп, "Қазақстан Жаңаөзендегі жағдайды тұрақтандыру үшін шет елдердің араласқанына мұқтаж емес" деді.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ақпанның 1-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонмен кездеспек.