Солтүстік Кавказда ислам мемлекетін құруды көздейтін "Кавказ әмірлігі" тобының жетекшісі Доку Умаров өзіне бағынышты жауынгерлерге Ресей азаматтарына бұдан былай шабуыл жасауды тоқтатуға бұйрық берді.
Бүгін Kavkaz Center веб-сайтында жарияланған төрт минуттық видеода Доку Умаров "Ресейдегі қазіргі жағдай қарапайым азаматтардың өздері тұтқын болып отырған Владимир Путиннің чекистік режимін қолдамайтынын көрсетті" деді.
Умаров дін бойынша жауынгерлерге Ресей басшылығының мұсылмандарға қарсы жүргізіп отырған соғысына қатыспайтындарды және қолдамайтындарды өлтіруге тыйым салынғанын жеткізді. Ол Ресейге шабуыл жасауды көздеп жүрген Кавказдағы кез-келген жауынгер және бүлікшіл топтар бейбіт тұрғындарға зардап келмеу жағын ойластыру қажет деді.
Исламшыл топ жетекшісі бүлікшілер нысанасына Ресей әскерилері мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері және Мәскеуге бүйрегі бұратын Шешенстан басшылығының алынатынын ескертті.